Еліміздегі 25 кәсіпорын 1,1 мың жұмысшыға 65 миллион теңгеге жуық қарыз

Ulysmedia

Қазақстандық кәсіпорындар 1,1 мың жұмысшыға жалақы төлемей, 64,7 млн теңгеден астам қарыз болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары елдегі 25 кәсіпорынның 1,1 мың жұмысшыға 164,7 млн теңгеден астам жалақы бойынша берешек екенін анықтаған. Олардың басшыларына орындалуы міндетті 11 нұсқама беріліп, 1,8 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 500-ден астам жұмысшының құқығы қорғалды. Оларға 130 млн теңге төленді.