Бүгін саудада доллар бағасы қымбаттады

Ulysmedia

KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,85 теңгеге көтеріліп, 448,06 теңгені құрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ratel.kz

Айта кетейік, Ұлттық банктің 15 ақпандағы ресми бағамы долларға 447,17 теңгені құрайды.

kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 447,82 теңгені, сатылымы 449,71 теңгені құрап отыр. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 446,93 теңгеден сатып алынып, 451,00 теңгеден сатылуда.