Қор нарығында доллар қымбаттады

Қалижан Бектемір

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,26 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 450,14 теңге.

Ұлттық банкттің ресми бағамы – 1 долларға 448,68 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,85 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 449,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 451,7 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 449 теңге, сатып алу құны– 453 теңге.

Ресей рублі 4,85 – 4,97 теңге аралығында саудаланып жатыр.