Доллар қымбаттап, рубль арзандады

Ulysmedia

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 449-453 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Shutterstock

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 449,1– 451,1 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Астанада доллар бағамы 449,5 – 453,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 20 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 450,14 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,87 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,83 – 4,90 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,86 - 4,91 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, 19 ақпан күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,53 теңгеге қымбаттап, 450,41 теңге болған.