Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 500 млн доллардан асты

Ulysmedia

Қазақстан биылғы алғашқы екі айдың қорытындысы бойынша Өзбекстанның негізгі сауда серіктестерінің үштігіне енді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Өзбекстан Қорғаныс министрлігі

Өзбекстанның Статистика агенттігі Қазақстанның өзара тауар айналымы 500 миллион доллардан асатын елдердің тізіміне енгізілгенін мәлімдеді.

Жалпы тауар айналымының құрылымында Өзбекстан Қазақстанға 166,2 миллион долларлық тауар экспорттаса, 415,3 миллион долларға импорттық тауар әкелгені атап өтілді.

Бүгінгі таңда Қытай Өзбекстанның негізгі сауда серіктесі болып қала береді, оның республикамен тауар айналымы 2,1 млрд долларды (жалпы көлемнің 21,5%) құрады. Бұл көрсеткіш бойынша екінші орында 1,76 млрд доллар (17,8%) көлемімен Ресей тұр. Үздік үштікті Қазақстан 581 млн доллар (5,9%) тауар айналымымен аяқтады.