Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,08 теңгеге төмендеп, 450,07 теңгеге жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 62,20 теңгені (-0,34) құрады.
Ұлттық банк еуро бағамын 489,13 теңге, рубльді 4,87 теңге деп бекітті.
Ақша айырбастау орындарында доллар 450,9-452,9 теңгеге, еуро 488-492 теңгеге, ресей рублі 4,75-4,87 теңгеге сатылуда.
Ал 26 наурыздағы аукционда әлемдік бағалар төмендеп жатыр.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында маусымдық Brent фьючерстерінің құны 0,08%-ға арзандап, барреліне $86,01 құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының мамырдағы фьючерстері 0,06%-ға төмендеп, барреліне 81,90 долларды құрады.