Қазақстанда су тасқынының алдын алуға 7 млрд теңге бөлінген: ақша қайда жұмсалды

Аян Өрібай

ТЖМ мәліметтері бойынша, барлық бөлінген қаражат су тасқынына қарсы күреске жұмсалады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЖМ

ТЖМ вице-министрі Бауыржан Сыздықовтан журналистер Қазақстандағы су тасқынының алдын алуға бөлінген 7 миллиард теңгені қайда жұмсағанын сұрады.

ТЖМ жауабы

"Мен түсіндіргім келеді, іс жүзінде 7 млрд теңге бөлінбеген. Қарастырылған. Оны дұрыс түсінуіңіз керек. Бұл қаражат жергілікті атқарушы органдардың бюджеттерінде көзделеді. Бүгінгі таңда әкімдіктердің ақпараты бойынша бұл ақшадан 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Барлық қаражат су тасқынына қарсы күреске жұмсалады", - деді вице-министр.

Қаражат

14 наурызда брифинг барысында ТЖМ төтенше жағдайлардың алдын алу департаменті басшысының міндетін атқарушы Алтай Мырзабаев жергілікті атқарушы органдар бүкіл ел бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларға 7 млрд теңгеден астам қаражат бөлгенін айтқан еді.