Жаңа Салық кодексі талқылауға шығарылды. Нені өзгерту ұсынылады

Ғалиасқар Думан

Жаңа Салық кодексі бойынша қазіргі қолданыстағы ережелерге бірқатар өзгеріс пен түзету енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Талқылау 5 шілдеге дейін жалғасады.

Жаңа Салық кодексінің жобасы ашық НҚА сайтында жарияланды. Онда құжат талқы үшін екі апиа бойы ашық сақталады.

Не өзгереді

  • ҚҚС мөлшерлемесі: салаға байланысты салыққа қарай сараланады;
  • Корпоративтік табыс салығы да сараланады;
  • КТС төмендету немесе босату: техникалық жаңғырту және ғылыми әзірлемелерге;
  • Бірыңғай жер салығы: шаруа және фермер қожалықтары үшін салынады;
  • Сән-салтанат салығы: активтерінің құны 130 АЕК-тен асатындарға салынады;
  • Темекі өнімдеріне акциз ставкалары: 2024 жылы салықты біртіндеп 28 еуроға дейін көтеріледі;
  • Салық режимдері: ұқсас салықтарды біріктіру және маңызды емес салықтар жойылады;
  • Салық есептілігін қысқарту: ТНҚ-ға қайталанатын қосымшаларды алып тастау есебінен 30% қысқарады;
  • Бюджет төлемдерін қысқарту: кем дегенде 20%;
  • Салық жеңілдіктері: 20%.

Тағы қандай өзгерістер бар

Банктер үшін КТС 25% дейін ұлғайтылып, есептілік қысқарады.

Салық кодексіне 10 негізгі түзету енгізіледі.

Артық зейнетақыны алып тастаған қазақстандықтарға ЖТС бойынша қарыздар есептен шығарылады

Қазақстанда ескі автокөлікке салынатын салық екі есеге азаяды.