Қазақстанда шаруаларға киіктерден келген шығын өтелмейді

Аян Өрібай

Мұның себебі – шаруалардың киіктің таптауынан келген шығынды есептеудің бүгінгі таңда әдістемесі де, реттейтін қағдидаты да жоқ. Ал Ауыл шаруашылығы министрлігінің шығынды есептерлік құзыреті жетпейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Шаруалардың шығынын қалай өтейміз

Бүгін Мәжіліс отырысында депутат Анас Баққожаев киіктердің шаруаларға келтіретін шығыны мәселесін тағы көтерді.

– Біз нақты сұрақтарға нақты жауап беруіміз керек. Елді асырап жүрген шаруалар еш шығынға батпауы тиіс. Киіктен зардап шеккен шаруалардың шығыны өтеле ме? Ақша жоқ болса, айтыңыздар. Қалай шешеміз? – деп сұрады ол.

Жауап

Сұраққа алдымен жауап берген Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы шынымен де, бүгінгі таңда шаруалардың мазалайтын ең үлкен мәселенің бірі осы екенін айтады.

– Әрине мұны толық шешуде бірнеше күрделі мәселе бар. Біріншіден, АШМ-де шаруалардың киіктің таптауынан келген шығынды есептеудің бүгінгі таңда әдістемесі жоқ. Реттейтін қағдидаты да қарастырылмаған. Екіншіден, тиісті әдістемені әзірлеуге біздің министрлкітің құзыреті жоқ. Шығындарды, залалдарды мүмкіндік жоқ екенін ескертеміз, – дейді ол.

Соған қарамастан вице-премьер Серік Жұманғариннің тапсырмасына сәйкес, шаруалардың жер алқаптарының таптауына келтірілген шығындарды өтеудің сақтандыру тетіктерін әзірленіп жатыр.

– Салалық сарапшыларға тиісті тапсырма берілді. Сақтандыру тетіктерін әзірлейміз. Соның қорытындысы бойынша тиісті шаруалардың өз алқаптарын сақтандыруға мүмкіндіктері болады, – деді Кенжеханұлы.

Қаржы министрлігінің позициясы

Ал Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Ауыл шаруашылығы министрлігіне тиісті бюджетті тапсырыс келген жоқтығын айтады. Тиісті өзгерістер заңға енгізілген жағдайда олар шаруалардың шығынын өтеу мәселесін қарастыруға дайын.