Бүгін биржада доллар бағасы арзандады

Қалижан Бектемір

Қазақстан қор биржасындағы 21 тамыздағы сауданың қорытындысы бойынша доллар бағамы 475,7 теңге болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia

Бір тәулікте 0,92 теңгеге төмендесе, бір айда 2,54 теңгеге өсті. Қазақстандағы айырбастау пункттерінде орташа алғанда келесі валюта бағамдары белгіленген:

доллар: сатып алу – 476-477 теңге, сату – 478 теңге; еуро: сатып алу – 526-528 теңге, сату – 530-531 теңге; рубль: сатып алу – 5,15-5,17 теңге, сату – 5,22-5,3 теңге.

ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстерінің бағасы барреліне 77,6 долларды құрайды.