Жеткілікті зейнетақы сомасы екі есеге өсіп, артығын шешу қиындайтын болды

Ulysmedia

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бүгін жариялаған мәліметке сай, жаңа 2022 жылы зейнетақы жинағы бойынша артық соманы шешуге қажет жеткілікті деңгей екі есеге өсті деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Мамандардың айтуынша, зейнетақы жинағының артық мөлшерін алу бойынша жеткілікті соманың өсуі ең төменгі жалақының өсуі сияқты макроэкономикалық көрсеткіштердің көтерілуіне байланысты болып отыр.

Жалпы биыл елімізде азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту, емделудің ақысын төлеу, сондай-ақ, жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін пайдалану құқығы берілгені аян.

Бұл құқықты зейнетақы жарналарын тұрақты және толық көлемде аудару есебінен ең төменгі жеткіліктілік шегінен (әрі қарай – ТЖШ) асатын және болашақта ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес зейнетақы төлемдерін алуға мүмкіндік беретін жинақтарын қалыптастырған салымшылар пайдалана алады. Азаматтардың пайдалануы үшін қолжетімді зейнетақы жинақтары тек міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын ғана емес, сондай-ақ, оларды инвестициялаудан алынған инвестициялық табысты да қамтиды.

«Тиісті әдістемеге сәйкес, ТЖШ мөлшері әрбір жас ерекшеліктері үшін есептеледі және болашақ зейнетақы төлемдері мен зейнетақы жарналарының өсуін (индекстелуін) ескереді. Бұл ретте Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, жыл сайын индекстелетін ең төменгі жалақы (ЕТЖ), ең төменгі зейнетақы (ЕТЗ), ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) сияқты әлеуметтік көрсеткіштер қолданылады. Осыған байланысты ТЖШ мөлшерін есептеу жыл сайын аталған көрсеткіштердің өсуін ескере отырып жүргізіледі», – деп түсіндіреді БЖЗҚ өкілдері.

2022 жылға әлеуметтік көрсеткіштер мөлшері ұлғайтылғандықтан (атап айтқанда, ЕТЖ мөлшері 2021 жылы 42 500 теңгеден 2022 жылы 60 000 теңгеге дейін (немесе 41%) өсті), 2022 жылға ТЖШ мөлшері де көбейтілді. Аталған мәлімет кестеде көрсетілген:

Жас ерекшеліктері

ТЖШ, теңгемен

20

         3 140 000  

21

         3 250 000  

22

         3 370 000  

23

         3 490 000  

24

         3 610 000  

25

         3 730 000  

26

         3 860 000  

27

         3 980 000  

28

         4 110 000  

29

         4 240 000  

30

         4 370 000  

31

         4 510 000  

32

         4 640 000  

33

         4 780 000  

34

         4 920 000  

35

         5 060 000  

36

         5 200 000  

37

         5 350 000  

38

         5 490 000  

39

         5 640 000  

40

         5 790 000  

41

         5 950 000  

42

         6 100 000  

43

         6 260 000  

44

         6 420 000  

45

         6 580 000  

46

         6 750 000  

47

         6 920 000  

48

         7 090 000  

49

         7 260 000  

50

         7 430 000  

51

         7 610 000  

52

         7 790 000  

53

         7 970 000  

54

         8 150 000  

55

         8 340 000  

56

         8 530 000  

57

         8 720 000  

58

         8 920 000  

59

         9 120 000  

60

         9 120 000  

61

         9 120 000  

62

         9 120 000