Түрлі имидждік шараларға қыруар қазына қаржысы кетіп жатыр. Бұл жолы Щучинск-Бурабай курорттық аймағында туристік имиджді қалыптастыру бойынша қызметтерге 437 478 571 теңге жұмсау жоспарланып отыр. Тиісті хабарландыру мемлекеттік сатып алу сайтына орналастырылды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Лоттың хабарламасында жүздеген миллион бюджеттік теңге туризмді дамыту жөніндегі қызметтерге жұмсалатыны айтылған.
«Техникалық сипаттама Щучье-Бурабай курорттық аймағында туристік аймақты құру және дамыту, туристер ағынын ұлғайту, келушілердің сұранысын қанағаттандыру және туристік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында 029 «Щучье-Бурабай курорттық аймағында туристік имиджді қалыптастыру» республикалық бюджеттік бағдарламасы, 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» сипаттамасы бойынша әзірленді», – делінген құжаттамада.
Сонымен қатар, техникалық сипаттама авторлары «Щучье-Бурабай курорттық аймағында туристік аймақты құру және дамытуда» келесіні түсіндіреді:
Орналасқан жері: Щучинск-Бурабай курорттық аймағы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Бурабай кенті.
Сонымен қатар, құжаттамада жеткізушілерге қойылатын елеулі талаптар көрсетілген. Авторлар тендерге барлық жауапкершілікпен дайындалғаны және курорттық аймақтың туристік имиджін қалыптастыру қызметтерін «көлденең көк аттыға» сеніп тапсыра қоймайтыны аңғарылады.
Жалпы, туроператорлық қызметті жүзеге асыруға мемлекеттік лицензиядан, туризм саласындағы екі маманнан, «электр қондырғыларына рұқсаты бар» тағы қос маманнан басқа болуы тиіс:
437 млн теңгеге 2022 жыл ішінде тұрақты негізде қызмет көрсетуді жүзеге асыру және орындау қажет. Өтінімдерді алдын ала қабылдау мерзімі 2022 жылғы 5 қаңтарда аяқталады.