"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы 2025 жылы да жалғасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
БЫЛТЫР ҚАНША ИНВЕСТИЦИЯ ТҮСТІ
Сенатта сөз сөйлеген қаржы министрі Мәди Тәкиев: “Ұлттық қор – балаларға” жобасы биыл бірінші рет іске қосылғаннан кейін 1 ақпанда біз 7 миллионға жуық балаға 100 доллар 52 центтен есептеп, бөлінгенін хабарлайды. Бүгінгі таңда жинаған сол 100 доллар (әр балаға) сол доллар күйінде қалып, екіншіден ол сомаға инвестиция салынған.
– Инвестициялық кіріске келсек, биыл 2,6 пайызбен санадық. Келесі жылы бұйырса қарап отырмыз. 3 пайызға инвестициялық түсімді болжам отырмыз. 1 қаңтардағы бала санын ескере отырып, 118-120 доллар болады деп отырмыз. Бірақ оны 1 ақпанға дейін дұрыстап есептеп айтып береміз, – дейді ол.
СҮЛЕЙМЕНОВ НЕ ДЕЙДІ
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жалпы бағдарламаға биыл 890 млн доллар бөлінгенін айтады.
– Жан басына шаққанда әр балаға 130 доллар. Бірақ 1 қаңтарға дейін қанша бала туып, қанша бала 18 жасқа толғанын есептеп, тиісті ақпаратты жеткіземіз, – дедйі ол.
ШОТТАҒЫ АҚШАНЫ ҚАЛАЙ КӨРІП ОТЫРУҒА БОЛАДЫ
Жылдың басында Ұлттық қордан әр балаға қанша ақша түскенін kids.enpf.kz сілтемесінен қалай білуге болатынын көрсетілген еді. Алдымен kids.enpf.kz сілтемесіне кіру керек. “Ұлттық қор - балаларға” деген БЖЗҚ-ның порталы ашылады. Соның төменгі жағында ЖСН деген ұяшық тұр. Соған балаңыздың жеке сандық нөмірін енгізесіз. ЖСН енгізсеңіз, қанша ақша түскенін байқауға болады.
Әзірге әр балаға 100 АҚШ долларынан (44800 теңге) түсті. Түскен түпкі соманы балаңыз 18 жасқа толғаннан кейін ғана ала аласыз.