Қазақстан үкіметі биыл Ұлттық қордан 5,2 трлн теңге алады

Аян Өрібай
Ұлысмедиа коллажы

Бұл туралы мәжіліс кулуарында қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков айтты,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Дәурен Темірбеков мәжіліс кулуарында Ulysmedia.kz тілшісіне берген жауабында 2025 жылы кепілдендірілген трансферт бойынша 2 трлн теңге, нысаналы трансферт бойынша 3,2 трлн теңге алынады. 

2026 жылғы трансферт бойынша парламентке қыркүйекте кіреміз. Кепілдендірілген трансферт ол тұста 2 трлн теңге сұралса, нысаналы трансфертті аламыз деп жоспарлап отырған жоқпыз, – дейді Темірбеков.

Қазақстан үкіметі Ұлттық қордан жыл сайын едәуір көлемде қаражат алады. Бұл қаражат республикалық бюджетті қолдауға, дағдарысқа қарсы шараларды қаржыландыруға және стратегиялық жобаларды іске асыруға бағытталады.