Бюджетте ақша үнемдеу үшін жағдайы төмен отбасылар АӘК-тен айырыла ма

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев атаулы әлеуметтік көмек туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ертаевтың сөзінше, қазіргі уақытта бюджеттен 41 әлеуметтік төлем жасалады. 

- Атаулы әлеуметтік көмек қалады. Жағдайы төмен отбасылар, оның ішінде, жұмыс істемейтіндер болса, атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылады. Мақсатымыз әр отбасына талдау жасап, егер жұмыс істей алатын адам болса, оны жұмыс орналастырып, қиын жағдайдан шығару. Яғни атаулы әлеуметтік көмек мұқтаж отбасыларға беріледі. Жәрдемақы алып отырған адамдарға қосымша жұмыс тауып беруге тырысамыз, дейді Асқарбек Ертаев. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін министрлік Қазақстанда 4 және 5 балалы отбасылар көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақыдан қағылмайтынын мәлімдеген болатын