Үкімет VS Jusan: Жамаубаев «үкімет ешкімді қорқытпағанын» айтты

Аян Өрібай

Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Jusan тобының шетелдің иелерінің Қазақстан үкіметін сотқа беруі жөнінде сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

«Әзірге бізге осы мәселе бойынша қандай да бір ұсыныс немесе құжаттар келіп түскен жоқ. Шетелдік юрисдикциядан өтінім болғаны белгілі. Ол жерде мәселенің мәнісін анықтала жатар. Қазақстан үкіметіне түскен шағымның мәні қандай екені жөнінде пікір білдіре алмаймын», - деді Ерұлан Жамаубаев сенат кулуарында.

Журналистер осы кезде Жусан тобы Қазақстан үкіметіне нақты қандай шағым түсіріп отырғанын Жамаубаевтың есіне салды. Компания Қазақстан үкіметін «активтерді алу үшін қорқытып жатыр» деп айыптаған-тын.

«Сіз де БАҚ-ты бақылап отырған шығарсыз. Үкімет тарапынан ешқандай ондай әрекет болған емес. Сол себепті сот істің мән-жайын анықтайды», - деді ол.

Сөз соңын Жамаубаев «егер қажет болса Қазақстан мүддесін қорғайтын боламыз», - деді ол.

Еске сала кетейік, жақында Jusan Bank-тың АҚШ-тағы иелері АҚШ үкіметін сотқа берген еді. Қазақстандағы ең ірі бес банктің бірі санатаны Jusan банкінің ірі акционері ел үкіметін активтерді «тәркілеу» үшін «заңсыз әдістерді – тәркілеу, қоқан-лоққы және қорқыту әдістерін қолданды» деп айыптаған-тын.

Еске сала кетсек, Алматы қаласының Бостандық аудандық соты «Pioneer Capital Invest» ЖШС мен Jusan Technologies Ltd арасындағы «First Heartland Jusan Bank» АҚ-ның, сондай-ақ онымен байланысты ұйымдардың  активтерін шетелдік юрисдикцияларға беру туралы мәмілені жарамсыз деп тану туралы Алматы қаласы прокурорының талап арызы бойынша азаматтық іс қозғаған.

Порталымыз бұған дейін Қазақстаннан бақылауды жоғалтқанға дейін First Heartland Securities-те (банк холдингінің бөлігі, оның ішінде Jusan Bank) қандай өзгерістер болғанын жазған.Jusan-ға дейінгі тарих та зерттелген еді.