Қазақстан кәсіпкерлерінің жеке кәсіби мерекесі белгіленді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Осыған байланысты ұлттық экономика министрлігі үкімет қаулысының тиісті жобасын әзірлеуге кірісті. Қаулы бекітілген соң күнтізбеде жаңа мерекелік дата – 9 қыркүйек – «Қазақстан кәсіпкерлерінің күні» пайда болады, дейді «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы.
Кәсіби мереке – бизнес елімізде басты қозғаушы күштердің бірі екенінің дәлелі. «Атамекен» ҰКП мамандарының пікірінше, Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде кәсіпкерлік қауымдастық экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етіп, экономикалық реформаларды жүзеге асыруға белсенді қатысады, әлеуметтік өмірде үлкен рөл атқарады.
Осылайша, мемлекет ел дамуына үлес қосып жатқан бизнес-қоғамдастықтың маңызын ерекше атап өтеді.