20 қараша, жұма күні Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс циклонының терең жырасы әсер етеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Циклонның ықпалымен елдің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде жаңбыр жауады. Кей жерлерде жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін. Солтүстік өңірлерде көктайғақ болады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Тек елдің шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Қазақстанның батысында түнгі ауа температурасы −2…+5 градус аралығында болса, күндіз +2…+10 градусқа дейін көтеріледі.
Солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы −3…−13 градусқа дейін төмендейді. Күндіз ауа температурасы біртіндеп 0…+5 градустан +5…+10 градусқа дейін көтеріледі.
Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.