Жабық соттарға қарсы акция: журналист Думан Мұхамедкәрім аштық жариялады

Ғалиасқар Думан

Биыл маусым айынан бері түрмеде отырған журналист Думан Мұхамедкәрім аштық жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Журналистің адвокаты Ғалым Нұрпейісовтың хабарлауынша, аштықты ол 20 қарашадан бастап жариялаған. Адвокаттың айтуынша, өз әрекетімен журналист белсенді Марат Жыланбаев пен Айгерім Тілеужанның сот процесіне назар аудартқысы келеді. Соңғы екеуінің соты жабық режимде өткізілген. Журналист аштық жариялау арқылы олардың сотының ашық өтуін талап етеді.

Ғалым Нұрпейісов сонымен қатар Талдықорғандағы уақытқа оқшаулау мекемесінің басшылығы Думанның аштық жариялағанынан хабардар екенін айтады. Журналист қазір қара су ішіп қана отыр.

Думан Мұхамедкәрімге қатысты тергеу

11 қарашада Ғалым Нұрпейісов Думан Мұхамедкәрімге қатысты тергеу аяқталғанын хабардар еткен. Алайда таяуда тергеудің тағы бір айға созылғаны белгілі болды.

– Кеше тергеуші қандай да бір жаңа жайттар белгілі болғанын айтты. Қандай жайттар екенін ашық айтпады, бірақ. Демек, тергеу тағы созылады деген сөз, – деп хабарлады Нұрпейісов Ulysmedia.kz тілшісіне.

Думан Мұхамедкәрімнің қуғындалуы

2023 жылдың басында журналист мәжілістің сайлауалды жарысынан шеттетілген. 

Кейінірек полиция Мұхамедкәрімді азаматтарды "заңсыз әрекетке" шақырды деп айыптады.

2023 жылғы 22 маусымда журналист сот шешімімен қамауға алынды. Ол "тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысу" (405-бап, 2-бөлім) және "экстремистiк әрекетті қаржыландыру" (258-бап, 1-бөлім) баптары бойынша күдікті деп танылды.

Өз-өзіне қол жұмсау

1 қарашада Думан Мұхаммедкәрім президент пен құзыретті органдар түрмеде ұстаудың қорқынышты жағдайларына назар аударуы үшін өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны хабарланды. Өзінің хатында оппозициялық көзқарасы үшін заңсыз ұсталғанын жазды. Журналистің айтуынша, ол өз талаптарын білдіріп, бірнеше рет аштық жариялап, қолын кесіп тастағанымен, биліктің назарын аудара алмаған.

Думан Мұхамедкәрім 20 наурызда Facebook желісінде жазба жариялап, 21 наурыз күні түстен кейін алаңға шығатынын мәлімдеп, өзгелерді де оған қосылуға шақырғаны үшін қамауға алынды. Қамауда отырғанда журналист аштық жариялады.

15 сәуірде ол қамаудан босатылып, халықты тағы да митингке шақыратынын мәлімдеді.

2 мамырда тағы 25 тәулікке қамауға алынды.

Бұдан бұрын адвокат Ғалым Нұрпейісов Әблязовпен сұхбаты үшін журналист жауапқа тартылуы мүмкін екенін айтқан. 26 мамырда босап шыққан Думан Мұхамедкәрім 28 мамырда қайта қамалды. 

2 маусымда журналистің тергеу изоляторында тағы да аштық жариялағаны белгілі болды.

Көп ұзамай оның әкесі әкесі Алмаз Тілепов те ас-судан бас тартатынын мәлімдеді. Іле аудандық прокуратурасына барған Думан Мұхамедкәрімнің ата-анасы ұлдарының заңсыз ұсталып отырғанын, денсаулығы нашарлағанын айтып, оны босатуды талап етті.

Кейінірек журналистің жағдайы күрт нашарлағаны хабарланған еді.