Елімізде ЭКО әдісімен 25 мың бала дүниеге келді

Ulysmedia

Елімізде «Аңсаған сәби» президенттік бағдарламасының аясында ЭКО әдісімен 25 мың сәби өмірге келген, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

otyrar.kz-ның мәліметінше, ЭКҰ әдісімен дүние есігін ашқан алғашқы қазақстандықтың жасы 25-те.  

«Біздің орталықтар әйелдер бедеулігімен қоса, ауыр түрдегі ерлер бедеулігін емдеу жолында қызмет атқарып жатыр. ЭКО жасатуға орташа есеппен 800 мың теңге кетеді. Ал квота арқылы еліміздегі сәбилі бола алмай жүрген әрбір екінші ерлі-зайыпты ЭКО жасатуда», - дейді Репродуктивтік медицина институтының репродуктология бөлімінің меңгерушісі Әсел Есенғұлова.

Осыдан 26 жыл бұрын Алматы қалалық Адам ұрпағын өрбіту орталығында алғашқы ЭКҰ зертханасы ашылған болатын. Сол кезде 5 адамнан тұратын мекеме қазіргі таңда 300-ден астам қызметкер жұмыс істейтін орталыққа айналды. Осы уақыт аралығында репродуктивті технологияның көмегімен сәбилі болған талай ата-ана дәрігерлерге алғыс білдірген.

Сонымен қатар, соңғы кездері мұнда келіп айтулы технологияның көмегіне жүгінушілер қатарында шетелдік азаматтардың саны артқан.