«Салтанат көңілдесі болған»: Бишімбаевтың мәлімдемесіне Райымбек Баталовтың әйелі жауап берді

Ulysmedia

Танымал кәсіпкер Райымбек Баталовтың әйелі Ленара Баталова экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотта айтқан «бір кездері Салтанат Нүкенова Райымбек есімді кәсіпкердің көңілдесі болды» деген сөзіне қатысты пікір білдіріп, отбасының абыройына нұқсан келгенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia

Мен болған жайтқа қатысты пікір білдірсем деп едім. Себебі менің инстаграмым «жарылайын» деп тұр. Кеше ел болып атышулы процеске куә болдық. Процесс 1 сәуірге сәйкес келіп қалды. Оның мазмұны да соған сай болған секілді. Біз атышулы істі емес, «Пусть говорят» шоуын көріп отырғандай болдық. Сотта менің отбасымның абыройына нұқсан келтірген негізсіз, ойға қонымсыз нәрселерге қатысты не дерімді білмеймін. Салтанаттың жақындарына сабыр мен күш-қуат тілеймін және әділдік орнайды деп сенемін. Біз сіздермен біргеміз, – дейді Ленара Баталова Instagram-парақшасында. 

Еске салсақ, 1 сәуірде өткен сот отырысында Қуандық Бишімбаев «Салтанат Нүкенова белгілі кәсіпкердің көңілдесі болғанын» мәлімдеген болатын. Оның нақты кім екенін айтпағанмен, есімі Райымбек екенін атап өткен еді.