Ұлттық банктің Астанадағы кеңсесі бүгін жабық тұр. Алматы мен Шымкенттен келген белсенділер ипотекалық несиені қайта қаржыландыру мемлекеттік бағдарламасын жалғастыруды талап етіп ҰБ басшысымен кездескісі келген.
Ипотека алғандар егер қаржы реттеуші мекеменің басшысы халықпен кездескісі келмесе, ол отставкаға кетуі керек дейді. Ұлттық банкке келген 11 әйел Досаевтың кеңсесі орналасқан дәлізге өткенімен, келесі есікке тек белсенді Дильнар Инсенова ғана жетті. Ғимараттан шыққан ер адам оқиғаны түсіріп жатқан журналисті ішінен итеріп шығарып жіберді.