Жоғарғы соттың алты судьясы қызметінен босатылды

Gov.kz

Құрылтай депутаттары Жоғарғы соттың бірқатар судьясының өкілетін мерзімінен бұрын тоқтатуды қолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Президенттің ұсынысын пленарлық отырыста Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов таныстырды.

Жоғарғы сот судьялары Сәкен Абдулла мен Аслан Түкиев 2026 жылғы 23 қыркүйектегі президент жарлығымен Конституциялық соттың судьялары болып тағайындалған.

Ал тағы төрт судья – Марина Боровик, Нұржан Қайыпжан, Валерий Ноздрин және Мәдина Омарбекова – құрметті отставкаға шығу туралы шешім қабылдаған.

Дмитрий Малахов олардың әрқайсысы сот жүйесінде ондаған жыл еңбек еткенін атап өтті.

– Олар – судьялық жолды адал әрі абыроймен жүріп өтіп, отандық сот төрелігіне елеулі үлес қосқан жоғары білікті маман, – деді ол.

Оның айтуынша, судьялар кәсіби ортада үлкен беделге ие.

Талқылаудан кейін депутаттар оларды қызметінен босату туралы ұсынысты қолдап дауыс берді.