Алматыда қар жауған күні такси бағасы 5 000 теңгеге қымбаттап кетті

Ulysmedia

Алматы тұрғындары әлеуметтік желіде қар түскен кезде такси бағасы шарықтап кеткенін жазуда, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: скриншот

«Ой айналайын! Болар елдің баласы деген міне, осындай болса керек-ті! Ай жарайсыңдар!» - деп жазды Фейсбук қолданушысы Назгүл Қожабек такси бағалары көрсетілген суретпен бөлісіп.

Басқа да желі қолданушылар таксидің бағасы шарықтап кеткенін жазып, скриншоттармен бөлісуде.

 

«Қазақстанда жүрсіз бе расымен», - деп жазды желі қолданушысы Ақмоншақ Мақсотқызы.

«Линияда жүрген көлік аз болса, баға өседі екен», - деп жазды желі қолданушысы Жәнібек Нұрыш.