Елімізде әскер саны көбеюі мүмкін

Дастан Кенжалин

Қорғаныс министрлігі елімізде әскер санын көбейтуі мүмкін. Бұл туралы Almaty.tv-ға сілтеме жасаған Ulysmedia.kz.хабарлады.

Қорғаныс министрілігі

ЕНДІ ӘСКЕРГЕ 40 148 АЗАМАТ ШАҚЫРЫЛАДЫ

Бұған дейін әскер қатарына 18 бен 27 жас аралығындағы 39 180 ер адам шақырылып келген болатын. Енді биылғы күзден бастап әскерге 40 148 азамат шақырылады.

БӘРІ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРДІ КӨБЕЙТУ ҮШІН ЖАСАЛАДЫ

Қолда бар дерекке қарағанда, мұндай қадам Қарулы күштер мен басқа да әскери құрылымдардың санын көбейту үшін жасалады.

Құжат «Ашық НҚА» порталында 19 тамызға дейін талқыланады.

Бұған дейін Қорғаныс министрлігі полицияның әскерден жалтарған жастарды алып кетуге қақы бар екенін хабарлаған болатын.