Ұлытау облысында 2 млн жымқырған шенеунік 6 жылға сотталды

Қалижан Бектемір

Жезқазған қалалық соты облыстың Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ә. Омарға қатысты үкім шығарды, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

almaty.tv

Ол мұражай мамандары мен басқа да ғалымдардың мақалалар жинағын шығару бойынша орындалмаған жұмыстары үшін заңсыз ақша аудару арқылы 2,3 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

КҮДІКТІ КІНӘЛІ ДЕП ТАНЫЛЫП, 6 ЖЫЛ 6 АЙҒА СОТТАЛДЫ

Ә. Омарға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 58-бабының 3,6 бөліктеріне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігін ішінара қосу арқылы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түпкілікті жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Жақында Шымкент қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жергілікті филиалының бұрынғы екі қызметкеріне қатысты үкімі өз күшіне енген болатын. Олар Қылмыстық кодекстің 206-бабының 3-бөлігінде және 190-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға сотталды. Сондай-ақ коммерциялық ұйымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан 5 жылға айырылды.