«Бір қыз туып алсам»: Ләйлә Сұлтанқызы сәби сүйгісі келетінін айтты

Қалижан Бектемір

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Zamandas подкастында сәби сүйгісі келетінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: видеодан скрин

«Анашым, сіз таңғы 4-те тұра аласыз ба?»

Алайда, оның сөзінше, балалары анасының мұндай қадамға баруына дайын емес көрінеді.

Өткенде үлкен ұлым «Анашым, мен қыркүйекте кеткенде әжені немесе құрбыңызды шақырып алыңыз» дейді. Өткенде ақырын тамырын басып көрдім. Өзім екі жыл эко-орталыққа барып жүрдім. Үлкен ұлым қазір, екінші ұлым да 2 жылдан соң кетеді. Шын мәнінде жалғыз қалып қалсам, эко-орталықта аналық жасуша сақталған. Солай балаларымды тексерейін деп, «бір қыз туып алсам» дедім. Екеуі де таңданып, «анашым, сіз таңғы 4-те тұра аласыз ба?» деді. Қарсылығын білдіре алмай, мүлде басқа жауап айтты. Солай қалжың аралас әңгіме айттым. «Әр қалжыңның астында шындық бар» дейді ғой. Бірақ балаларымның дайын емес екенін түсіндім, — дейді ол.

«Нұрлан имамға хабарластым»

Дегенмен журналистің ұлдары анасы қыз бала асырап алуға қарсы емес екенін айтқан.

Үлкен ұлым «бір қарындас асырап алайықшы, соның жолын біліңіз» дейді. Кейде бір қыз асырап туралы ойланамын, бірақ қорқамын. Содан Нұрлан имамға хабарластым. Ол кісі «асырап алсаң, бірнеше есе сауап жазылады» деді. Мені қолдады.

Эко арқылы бала жасауға болады, Қайраттың биоматериалы да сақталған. Бір әкеден болғаны жақсы. Бірақ мен қаншалықты ана болуға дайынмын? Кіші балам 15-те. Екіншіден, ол баланы өсіруге шамам жете ме? Қазір 47-де болсам, 60 жасымда баламның жасы 10-нан асып тұрады. Алла жеткізеді дейді ғой, бірақ жүрегімде қорқыныш бар, — деп түйіндеді тележүргізуші.