Қазақстан әйелдер құрамасы Франциядан ұтылды

Ulysmedia

Қазақстан әйелдер құрамасы 2023 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Франциядан 6:0 есебімен ұтылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Vesti.kz-ның мәліметінше, алаң иелері сапында Вивьен Ассейи, Дельфин Каскарино, Мари-Антуанетт Катото, Эв Периссе, Валери Говен (пенальти) және Кенза Дали мергендік танытты.

Қазақстан-W: Ирина Саратовцева (қ) (к) – Анастасия Власова, Александра Бурова, Бибігүл Нұрышева, Кұндыз Қожахмет, Айша Садықова (Анастасия Низамутдинова 84) – Әйгерім Айтымова, Мадина Жаңатаева, Фатима Сатығалиева (Назмина Сағатова 90+2), Әселхан Тұрлыбекова – Әсел Күбесова;

Калоян Петков шәкірттері келесі матчын 8 сәуір күні Словакияға қарсы өткізетін болады.