Соңғы уақытта өзі тұратын Алматының қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген қазақстандық продюсер Баян Алагөзова оқырмандарына екі жаңалықты айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оның алғашқы жаңалығы – жаңартылған жол туралы.
Жақсы жаңалық – Төлебаев көшесіне ашық қалған құдыққа люк орнатты. Рахмет... Ал жаман жаңалық – олар өздіренен қалған қоқысты қалдырып кеткен. Неліктен бәрін шала-пұла жасаған? Мен әйкәріп болғым келмейді... бірақ, міне, бір апта өтті, ал қоқыс сол күйі жиналмаған... жігіттер, неге олай істейсіңдер? – деген Алагөзова Алматы әкімдігіне жүгінген.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Қашанғы шыдауымыз керек»: Баян Алагөзова әкімдікке жүгінді
«Үнімді естіді»: Баян Алагөзова Алматыдағы көшелердің жөнделіп жатқанын айтты
Алагөзова VS Орманбаева дауы немен аяқталды
Продюсер Жамбыл-Төлебаев көшелерінде бір әженің құлап қалған орнын көрсетті.
Осы орайда ол Instagram-stories-те Алматы әкімдігі мен мәслихат депутаты Қарашаш Жүзееваны белгілеген.
Еске салсақ, бұған дейін Баян Мақсатқызы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында елдің әлеуметтік мәселелеріне араласуға жиі шақыру алатынын айтқан болатын.