Мұндай қаржы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын иеленгендерге беріліп отыр деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Мен барлығын лайықты марапатпен құттықтаймын. Сіздер шынымен талантты адамдарсыздар. Менің ойымша, жаңа білім алуға деген ұмтылыстарыңыз бойынша біздің буыннан әлдеқайда озып бара жатырсыздар. Мұны мойындау керек. Сондықтан биік белестер алыс емес, осы жолдың басында тұрсыздар. Біздің міндетіміз – аталған жолды ашу және біз оны істейміз», – деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тәуелсіздік жылдарындағы жастарды жан-жақты қолдау мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі екенін атап өтіп.
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау байқауына 14 пен 29 жас аралығындағы жас қазақстандықтар қатысты. Жеңімпаздар алынған гранттарды ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар, бизнес және медиа саласындағы өз жобаларын дамытуға бағыттамақ.