Қазақстанда халық саны 20 миллионға қашан жетеді және олар қайда тұрады

Ulysmedia

Бес жылдан соң мемлекеттегі халық саны 20 миллионға жетеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының басқарушы директоры Александра Молчановскаяның айтуынша, 2025 жылы халықтың орташа жылдық саны 20 млн адам деңгейінде болады деп болжанып отыр (19 029,5 млн – 2021 жылы), дейді LS.

«Бұнымен қатар өңірлік диспропорция күшейеді. Яғни,  2030 жылға қарай халықтың 59%-ы оңтүстік аймақтарда және республикалық маңызды қалаларда тұрады», - деді ол.

Бұған қоса, 2025 жылға қарай жұмыс күшінің саны 9,4 млн адамға дейін артады.

«Қандай мамандар сұранысқа ие болады деген сұраққа жауап беру үшін кейбір цифрларды келтірейін. Біз 2021 жылы 1 млн астам вакансия болады деп болжап отырмыз. Ең көп сұраныс біліктілігі жоқ жұмысшыларға сақталады деп отырмыз, бұл шамамен 300 мың адам. Бұл осы мамандықтар бойынша кадрлардың жиі тұрақтамауына және жұмыс берушілердің әрдайым оларды іздеуіне байланысты», - деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ, құрылыс пен өнеркәсіп саласында 180 мыңға жуық және жоғары білікті мамандар бойынша 175 мың вакансия болады деп болжанып отыр.

Ең көп сұраныс Қостанай, Қарағанды облыстары және Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында болады деп болжануда.

«Жалдамалы еңбек бойынша орташа мерзімді болжамға келсек, ол бес жыл ішінде 1 млн адамды құрайды. Және де, басым бөлігі білім, ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібі салаларында қалыптасады», - деп нақтылады Молчановская.

Білім саласының мамандары және жылжымалы жабдықтың жүргізуші-операторлары ең көп сұранысқа ие болады, деп болжам жасады ол.

Сонымен бірге Қазақстанда ішкі көші-қон әлі өсіп жатыр. Көбі республикалық маңызды қалалар мен батыс өңірлерге көшуде.

«Сыртқы көші-қон: орташа алғанда теріс сальдо 22 мың адамды құрайды және негізгі бағыттар – бұл ТМД елдері. Бұл мемлекеттерге соңғы бес жылда шамамен 200 мың адам кетті. Халық көші-қоны әрдайым болады, бұл бәрібір болатын үрдіс. Азаматтар елде қалғысы келу үшін кешенді шаралар қажет. Яғни, қолайлы өмір сүру үшін барлық бағыт бойынша жағдай жасау керек», - деді сарапшы.  

Бұнымен қатар еліміз кадрлар жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін жыл сайын шетелдік жұмыс күшін таратады. Мәселен, 2020 жылы осындай 14 мың еңбек мигранты келді.

«Көш басында Атырау облысы тұр. Онда 40% астам шетелдік кадр бар екен. Мамандарды ең аз тартатын - солтүстік өңірлер. Бұл аймақта негізінен Қытай, Түркия мен Үндістан азаматтары басым. Олар құрылыс пен өнеркәсіпте істейді», - деп нақтылады ол.

Шетелдік жұмысшылардың топ-5 мамандығына инженер, азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс технигі, механик, учаске технигі мен шебері кірді.