Кибергигиена интернеттегі жеке деректерді қорғауға көмектеседі. Ол, мысалы, күрделі құпиясөздерді қолдануды қамтиды. Алайда, егер сіздің немесе жақын адамыңыздың аккаунты бұзылғанын байқасаңыз, не істеу керек? Қайда жүгіну қажет? Бұл сұрақтарға Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Министрлік егер сіз күмәнді кіру әрекеттерін, құпиясөздің өзгеруін немесе сіздің атыңыздан хабарламалар жіберілгенін байқасаңыз, дереу құпиясөзді ауыстырып, көпфакторлы/екі факторлы аутентификацияны қосу қажет екенін атап өтті.
«Егер аккаунтқа қолжетімділік болмаса, қызметтің ресми сайтындағы қалпына келтіру формасын пайдаланыңыз. Бұдан кейін платформа әкімшілігіне бұзылғаны туралы хабарлау маңызды. Барлық әлеуметтік желілерде, банктерде және мессенджерлерде мұндай жағдайларға арналған арнайы арналар бар. Егер бұзу банктік қосымшаға немесе қаржылық операцияларға қатысты болса, дереу банкке хабарласып, карталар мен қолжетімділікті бұғаттау қажет», – деді ведомство өкілдері.
Министрлік егер сіз танысыңыздың аккаунты бұзылғанын байқасаңыз, сілтемелерге өтпеңіз және күмәнді хабарламаларға жауап бермеңіз деп ескертеді.
«Адамды ескертіп, платформаның өзінде парақшаға шағым түсіріңіз – оны уақытша бұғаттап, зиянды сілтемелердің таралуына жол бермеу үшін. Ең басты ереже: уақытты жоғалтпау. Неғұрлым тез әрекет етсеңіз, қолжетімділікті қайтару және деректерді қорғау мүмкіндігі соғұрлым жоғары», – деп атап өтті министрлік.
ЗИЯНДЫ АЗАЙТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Жасанды интеллект министрлігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі аккаунт бұзылғаннан кейін зиянды азайту үшін не істеу керектігін түсіндірді:
ҚАЙДА ШАҒЫМДАНУ КЕРЕК
Егер аккаунт алаяқтық үшін пайдаланылып жатқанын нақты білсеңіз, платформа әкімшілігіне «Шағымдану» функциясы немесе кері байланыс формасы арқылы хабарлаңыз.
«Қаржылық шығындар болған жағдайда, алаяқтық туралы өтінішпен полицияға жүгіну қажет. Жеке деректерді заңсыз жинау және өңдеу фактілері анықталған жағдайда азаматтар тиісті шаралар қабылдау үшін министрліктің ақпараттық қауіпсіздік комитетіне жүгінуге құқылы», – деп хабарлады ведомство.
Министрлік сондай-ақ жеке деректерді қорғау туралы заң талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 79-бабы) және қылмыстық жауапкершілік (Қылмыстық кодекстің 147-бабы) қарастырылғанын еске салды.
ҚАРАПАЙЫМ КЕҢЕСТЕР
Министрлік азаматтарға цифрлық гигиена ережелерін сақтауды ұсынады: