«Құдайдың бергені»: актер Олжас Абай ерлер қауымына үндеу жасады

Қалижан Бектемір

Актер Олжас Абай қоғам үшін маңызды тақырыпты көтерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: видеодан скрин

Ол «Таптым-ау сені – 2» фильмінде дәл сондай ер азаматты сомдаған. Өнер иесі кинода бүгінгі қоғамдағы маңызды мәселені барынша көрсетуге тырысқанын айтты. Оған қоса актер балалы бола алмай жүрген үшін әйелін кінәлап жатқан ер адамдарға ақылын айтты.

Кинода қолымнан келгенше көрсеттім. "Бала неге тумайсың?" деп сынап жатады. Ол әйелдің қолында емес қой. "Маған ұл бала керек. Төрт қыздан кейін қайта қыз туып жатырсың" деп айтатындарды мүлдем түсінбеймін. Ондай адамдар қалай ойланатынын білмеймін. Ол құдайдың қолында. Адамның миына сыймайтын нәрсе ғой. Сол себепті ер азаматтарға айтарым бар. Қыз туса, да, ұл туса да ол құдайдың бергені. Оған разы болу керек, - деді Олжас Абай Revue News бағдарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Дариға Бадықова өзінің дене бітіміне қатысты сұрақтарға жауап берген болатын.