Нұр-Сұлтанда белгісіз біреулер түнгі клубты «миналамақ» болды

Ulysmedia

Нұр-Сұлтандағы түнгі клубты белгісіз біреулер «миналамақ» болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Полиция департаменті

Полиция депаратментінің мәліметінше, 19 желтоқсан күні сағат 18.36-да полицияға Тұран даңғылындағы «Аура» түнгі клубын миналанатындығы туралы хабарлама келіп түсті.

«Адамдарды эвакуациялау шаралары, тексеру жұмыстары жүргізілді. Ақпарат расталмады», - делінген хабарламада.

Полиция департаментінің мәліметінше, жарылғыш зат табылмаған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.