Қазақстанда электр энергиясына тарифтер бір жыл ішінде төрттен бірге өсті. Ең жоғары тарифтер Алматыда тіркелген, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, осы жылдың тамыз айында электр энергиясының тарифтері электр плиталары қолданылған жағдайда 100 кВт/сағ үшін 1,5 мың теңге және электр плиталары қолданылмаған жағдайда 1,4 мың теңгеңі* құрады. 2020 жылдың тамызымен салыстырғанда бағалар орташа есеппен 24%-ға өскен. Бұл ретте биылғы жылдың басынан бері өсім 19%-дан асты, дейді LS.
II деңгейдегі тұтынушылар үшін тарифтер айтарлықтай қымбаттамады – жыл басынан бері 17,5-18,4%-ға, 100 кВтсағ үшін 1,8 мың теңгеге дейін. Жылдық өсім шамамен 21%-ды құрады.
III деңгейде өсім жоғары болды: жыл басынан бері – 18,2-19,2%-ға, 100 кВтсағ үшін 2,3 мың теңгеге дейін. Жылдық өсім 21,3-22,4%.
Сонымен қатар өңірлер арасында ең арзан тарифтер тамыз айында Ақтөбе мен Атырауда байқалады – I деңгейде 1 мың теңгеден аз. Бұл ретте Батыс қаланың өзінде 100 кВт сағ 600 теңгеден кем тұр.
Ең жоғары тарифтер Алматы мен Ақтауда тіркелген – 100 кВт/сағ үшін 1,7 мың теңгеден астам. Астанада электр қуаты 100 кВт/сағ үшін 1,1-1,2 мың теңге тұрады. Шымкентте – 100 кВт/сағ үшін шамамен 1,5 мың теңге.
Қазақстанда 2021 жылдың соңына дейін электр энергиясы бағасының өсуі болжанып отыр.
*Әкімдік белгілеген электр энергиясын тұтыну деңгейіне байланысты тарифтер есептеледі. Мысалы, Алматыда тұтынудың I деңгейі – бір тұрғынға 90 кВтс- қа дейін, тұтынудың II деңгейі – 90 кВтс-тан 160 кВтс-қа дейін, III деңгейі – 160 кВтс-қа дейін.