Ту мен Елтаңба астанаға қалай жеткізілді (ВИДЕО)

Ulysmedia

ҚР Президентінің телерадиокешенінің Телеграм-арнасында 1997 жылдың бейнемұрағатындағы кадрлары жарияланды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: скриншот

«Бүгін сіздерге 1997 жылдың бейнемұрағатындағы кадрларды дайындадық. Осы тарихи күнді еске алайық!», - деп жазылған хабарламада.

1997 жылы 8 қарашада Ақмолаға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің эталондары – Туы, Елтаңбасы және Президент штандарты жеткізілді.