Димаш Құдайберген қатысқан Қысқы Олимпиада ойындарының бейнебаяны жарияланды

Ulysmedia

Әнші Димаш Құдайбергеннің қатысуымен түсірілген 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының бейнебаяны жарыққа шықты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Чжан Сяоның мәліметінше, Қытайдың CGTN халықаралық жаңалықтар арнасының жүргізушілері, түрлі елдерден келген танымал блогерлер, спортшылар мен музыканттар, соның ішінде Димаш Құдайберген «Ортақ болашақ үшін бірге» әнін орындады. Бұл – Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының ресми ұраны.

Бейнебаян кейіпкерлері өз ана тілінде ән айтты.