Литрі 50 теңге: «ҚазМұнайГаз» қанша теңге жұмсайтыны айтылды

Ulysmedia

«ҚазМұнайГаз» Маңғыстау облысында литрі үшін баға 50 теңгеге дейін арзандауына байланысты шамамен 15 млрд теңге жоғалтады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Бүгін кешке «ҚазМұнайГаз»  әлеуметтік міндеттемелері аясында бағаны литріне 50 теңгеге дейін төмендететіні белгілі болды.

inbusiness.kz осыған байланысты ұлттық компания қанша теңге жоғалтатынын есептеп көрді.

Маңғыстау облысы жылына 216 мың тонна немесе Қазақстан Республикасының ішкі тұтынуының шамамен 13-14%-ын тұтынады. 216 мың тонна – жылына 370 миллион литр. Егер «ҚазМұнайГаз» «зауыт шикізатын» шығынмен сатса, бөлшек саудамен сататын жанармай құю станцияларында бұл баға 50 теңгеден аспаса – литріне шамамен 30-50 теңгені жоғалтады (кем дегенде). Осылайша жыл сайынғы шығын немесе «ҚазМұнайГаз» 11-18,5 млрд теңгені жоғалтады немесе осынша пайданы жіберіп алады.

2021 жылы мемлекет 1200 орындық бір мектептің құрылысына 3,5 млрд теңге бөлді. Сіздің ауданыңызға жаңа мектеп салынса жақсы болар еді, солай емес пе? Бірақ Маңғыстау облысында сұйытылған газ бағасы Қазақстандағы жалпы бағадан 2-2,5 есе төмен болуы керек. Сонда «ҚазМұнайГаз» қалай IPO-ға кіріп, инвесторларға акцияларын қалай ұсынады? Инвесторларды компаниялардың тиімсіз жобалары қызықтырмайды. Ал Қазақстан бойынша барлығы митингіге шығып, литріне 50 теңгені талап етсе қалай болмақ? Олай болса «ҚазМұнайГаз» жылына 81-135 млрд теңге жоғалтады.