Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында қосымша 4 пойыз жүреді

Ulysmedia

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында қосымша төрт коммерциялық пойызды іске қосады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін №204/203 пойыз елордадан Алматыға Нұр-Сұлтан-1 стансасынан сағат 18:55 минутта жолға шығады. Ол Алматыға ертең (11 қаңтар) 16:31 минутта жетеді. Дәл осы пойыз Алматы-2 станциясынан 19:41 минутта қайтады.

Сондай-ақ № 220/219 пойыз бүгін Нұр-Сұлтан-1 станциясынан Алматы-2 станциясына сағат 19.40-та шығады. Ол Алматыға ертең (11 қаңтар) 1825 минутта жетеді. Дәл осы пойыз Алматы-2 станциясынан 21:52 минутта қайтады.

Бүгін Алматыдан елордаға екі коммерциялық пойыз жолға шықты. Алматы-2 – Нұр-Сұлтан «Нұрлы-жол» (Тальго) бағыты бойынша № 207/208 пойыз Алматы-2 станциясынан сағат 19.20-да шығады. Келесі күні 10:25 минутта келеді. Бұл пойыз Алматыға 11 қаңтар күні сағат 21.20-да шығады.

Алматы-2 – Нұр-Сұлтан-1 бағыты бойынша № 205/206 пойыз 22:25 минутта жолға шығады. Ол елордаға 11 қаңтарда 19:13 минутта жетеді. Дәл сол пойыз Алматыға 11 қаңтарда 23:43 минутта қайтады.

Компания пойыздар қозғалысы қалпына келтірілгенін, барлық жолаушылар пойыздарының кесте бойынша жүретінін еске салады.