Досым Сәтпаев қазақстандықтарға ақша үнемдеуге болмайтын үш саланы айтты

Сымбат Сатыбалдина
фото: kapital.kz

Саясаттанушы Досым Сәтпаев қазақстандықтарға ақша үнемдеуге болмайтын үш дүниені айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Саясаттанушының айтуынша, өткен жылы елдегі азаматтардың 50 пайыздан астамы ең төменгі жалақыдан аз табыс тапқан. Digitalbusiness порталының мәліметінше, түрлі талдамалық құрылымдардың мәліметіне сәйкес, Қазақстандағы отбасылардың шамамен 60 пайызы өз табысының 70 пайызын азық-түлікке жұмсайды.

- Инфляцияның өсуі, теңгенің құнсыздануы және халықтың қарызға белшесінен батуы жағдайды тіпті қиындатып отыр. «Сондықтан белді қатайту үрдісі біраз жылдан бері жалғасып келеді, – дейді саясаттанушы.

ҮШ САЛА

Сәтпаевтың сөзінше, қиын экономикалық жағдайда қаржылық сауаттылық пен ресурстарды үнемдеп, оларды басым бағыттарға дұрыс бөле білу өте маңызды.

–  Мен өзімше үш салаға қосымша қаражат жұмсауға тырысамын. Біріншіден, білімге – өзімнің, жұбайымның және балаларымның. Себебі бұл өмірде бәрінен айырылуыңыз мүмкін, бірақ егер үнемі дамып отырсаңыз, ақылыңыз бен біліміңіз сізде қала береді. Екіншіден, балаларымның спорттық үйірмелеріне. «Дені саудың, тәні сау». Үшіншіден, саяхаттарға – бұл балалардың дүниетанымын кеңейтуге көмектеседі, – дейді Сәтпаев.