Нұр-Сұлтанда мектеп оқушылары қашықтан оқиды

Ulysmedia

Нұр-Сұлтан қаласында мектеп оқушылары, колледж және ЖОО студенттері онлайн оқуға көшірілді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова айтты.

«Білім орталықтары, ересектер мен балаларға арналған үйірмелер, балаларды дамыту орталықтарының қызметі онлайн форматқа көшірілсін. Мемлекеттік орган және ұлттық компания қызметкерлерінің кем дегенде 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшірілсін. Ұжымның вакцина алғанына қарамастан», - деді Сархат Бейсенова баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, бас санитар дәрігер мектеп және жоғары оқу орындарының жұмысына қатысты тоқталды.

«Мектеп оқушылары 31 қаңтарға дейін қашықтан оқыту жүйесіне көшсін. Ал колледж және ЖОО студенттері 6 ақпанға дейін онлайн оқу форматына ауыстырылсын. Сондай-ақ, індеттің таралуына жол бермей мақсатында қаладағы қоғамдық көлік санын көбейтілсін», - дейді ол.