Қақтығыс кезінде «Дикий Арманның» не жоспарлағаны жария болды

Ulysmedia

Орталық алаңдағы наразылық шеруіне Арман Жұмагелдиев нақты жоспармен шықпақ болған. Әлеуметтік желіде тараған видеодан оның жақтастарымен ақылдасып жатқанын байқауға болады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Арман Жұмагелдиевтің қасында бір топ жігіттерден бөлек Алматы қаласы мәслихатының депутаты, бизнесмен Қайрат Құдайбергенов те бар.

«Қазір Президент халыққа әңгімелесейік деп тұр. Оған нақты ұсыныс айтуымыз керек. «Шал кет» деген Аблязовтың ұраны, бұл – халықтың талабы емес. Халық мемлекетпен диалог болғанын қалайды», - деді ол видеода.

5 қаңтарда Алматының орталық алаңындағы наразылық шеруіне «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев те келген болатын.

Айта кетейік, биыл 7 қаңтарда Алматыда арнайы операция кезінде Арман Жұмагелдиев ұсталған. Ол қалада қақтығыстар болып жатқан кезде ол әлеуметтік желіде видео жариялады. Онда ереуілшілерге басу айтпақ болғанын жеткізді. Ел арасында «Дикий Арман» лақап атымен танымал ол Түркияның Стамбул қаласында тұрып келген. Қазіргі уақытта ол 2 айға қамалды