Қазақстан Ресейден ет пен сүт әкелуге уақытша тыйым салды

Ulysmedia

Қазақстан аусыл ауруының таралуына байланысты Ресейдің Орынбор облысынан ет, сүт және мал әкелуге уақытша тыйым салды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Ауыл шаруашыығы министрлігінің мәліметінше, 2021 жылдың 31 желтоқсанында Ресейдің Орынбор облысының Беляев ауданында аусыл ауруының тіркелуінің нәтижесінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті аусыл ауруына бейім жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты Қазақстан Республикасына әкелуге және Орынбор облысынан транзитке уақытша шектеулер енгізді.

Шектеулер 12 қаңтардан бастап күшіне енді.

Сондай-ақ, Ресей де Қазақстаннан ет, сүт, мал әкелуге тыйым салды.

Қазақстан аумағында аусыл вирусын жұқтыру бойынша эпизоотиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Ресей Федерациясына Қазақстаннан бірқатар өнімдерді шығаруға уақытша шектеулер енгізілді. Толық ақпарат РФ Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің сайтында жарияланды.