Ұлттық қауіпсіздік комитеті лаңкестік қауіп деңгейінің төмендегенін мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Комитеттің мәліметінше, ағымдағы кезеңде Қазақстанның 14 аймағында жағдай тұрақтанған.
«Осы себепті Терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық жедел штаб Нұр-Сұлтан қаласының аумақтарында, Шымкент, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары лаңкестікке қарсы операцияның аяқталғаны және террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейінің жойылғаны туралы хабарлайды», - дейді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Осы ретте Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарында жаппай тәртіпсіздіктер кезінде лаңкестерді және басқа да қылмыстық әрекеттерге қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау шаралары жүргізілуде. Сәйкесінше, бұл аймақтарда лаңкестікке қарсы операция жалғасты, лаңкестік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі сақталуда.