Қазақстан халқының саны белгілі болды

Сырым Қаржас
ЖИ / ulysmedia.kz

Бюроның соңғы мәліметіне сәйкес, 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 387 811 адамға жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Ел халқының 12,9 миллионы қалада, ал 7,5 миллионы ауылда тұрады. Халық ең көп шоғырланған өңір – Алматы қаласы, мұнда 2,3 миллионнан астам адам тұрады.

Үштік

Халық саны жағынан алғашқы үштікте:

Түркістан облысы – 2,1 млн адам;

Алматы облысы – 1,5 млн адам;

Астана қаласы – 1,5 млн адам.

Сондай-ақ, Жамбыл, Қарағанды облыстарында және Шымкент қаласында да халық саны 1 миллионнан асады.

Еске салайық, бұған дейін 2025 жылы Қазақстан халқы шамамен 70 мың адамға артқаны хабарланған болатын.