Белгілі блогер әрі маркетолог Ақсұлтан Қалиев церебральды сал ауруына (ДЦП) шалдыққан балалар туралы айтып, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
БЛОГЕР НЕ ДЕДІ
Даудың бәрі оның Threads желісінде жазған жазбасынан басталды.
- Зинаны тоқтатпасақ ертең оннан тоғызы ДЦП туады. Содан білім де жоқ, денсаулық та, әскер де жоқ, боқ та жоқ, деп жазды блогер.
ҚАЗНЕТ ЕКІГЕ БӨЛІНДІ
Желі қолданушылар Қалиевтің бұл жазбасына қарсы шығып, оның бұл ойы дұрыс емес екенін жазды.
- Менің інім ДЦП мен ауырады. Демек оның логикасы бойынша менің әке-шешем зинақор ма? Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі. Онсыз да қоғамда ДЦП өте балаларға ауыр. Оларды қоғам әлі дұрыс қабылдамайды. Мына сияқты ... олардың жағдайын одан да қатты қиындатады.
- ДЦП диагнозын нақты ешкім қоя алмайды, одан бөлек ол дерт генетикалық синдром емес, яғни ДЦПмен бала туылмайды. Аутизмнің УЗИде ешбір маркері жоқ, аутизмді тек баланың бір жасынан ғана байқайды. Аутизм жайлы нақты дерек пен ақпарат аз. Дәрігерлер тек гипоксия, генетикалық аномалияларды ғана байқайды. Ол “возмооожно” аутизм. Ақсұлтан, кешірім сұрайсыз-ау. Сіз талай отбасыны қазір қаралап, өзіңізді батырып жатсыз. Тіптен сіз халыққа дезинформация жеткізіп жатсыз.
- Ақсұлтан ойының несі қате екенін бәрібір түсінбеген сияқты. “ДЦП-мен ауыратын бала — ата-анасы жасаған зинаның жазасы” деген пікір емес сорақысы, “ауру бала — әлдебір күнәнің өтеуі, Алладан келген жаза” деген ой. Зина туралы пікірі өзіне, бірақ сырқат балалар туралы ойы нағыз надандық.
Ақсұлтан Қалиевтің ойын қолдағандар да бар.
- Дұрыс түсініңіздер .Бұл кісі балапандардың жиі аурып,әр түрлі емделуі қиын аурулардың шығып кету себебі — үлкендердің миы дамыған адамдардың күнә істер көп жасап кеткенінен деп отыр. Яғни біздің жаман пиғылды амалдарымыз ұрпақтарымызға зиянын тигізуде диді. Карма.
- Бір қызығы Ақсұлтан мырза адамдарды зинаға жоламаңдар деп дұрыс нәрсеге тартты. Заманның ақыры жақындадау дұрыс нәрсе айтатын мүминдер қудаланып қараланады деген осы.
ҚАЛИЕВТІҢ ӨЗІ НЕ ДЕЙДІ
Ақсұлтан Қалиевтің өзі де желідегі жазбаларға жауап берді. Ол ата-анасы ДЦП-ға шалдыққан балаларды 15-20 жылдан бері емдеп келе жатқанын айтады.
- Бұл саланың ақ пен қарасын, әрбір ата-ананың жағдайын білеміз. Жеке біреудің басына бір ауыр сөз айту ойда жоқ, контекстты бұра бермеңдерші өтініш. Зина жасаған қауымға Алланың мейірімі түспейді.Зина жайылған елде аурулар мен бұрын болмаған бәлелер пайда болады деген пайымда жазылған ой еді. Қарғап… ауыр, дейді блогер.
Сонымен қатар, Қалиев зинаға қатысты айтқан сөзін түсіндіруге тырысты.
- «Қай бір халық ішінде зина ашық жайылса, олардың ішінде бұрынғы өткен адамдарда болмаған жаңа аурулар пайда болады» Зина – жалпы дерт. Салдары барлығына тиетін. Ата-ана жасағанының салдары деген пайым емес, ағайын. “Жер сілкінсе де жалпыға жасалған ескерту” деген сияқты логикадан. Бір адам жол салатын ақшаны жеп қойса барлық көшенің адамдарына зиян деген логикада. Оны бұрып СРОД - ата-аналарын ренжітетіндей подавать етпесеңіздер. Ол кісілердің тредссыз -ақ уайымы көп, дейді ол.