2022 жылы өтетін Олимпиадаға қатысуға 228 миллион теңге бөлінді

Ulysmedia

ҚР ҰОК бас хатшысы Андрей Крюков ұлттық құраманың 2022 жылы Бейжіңде өтетін Олимпиадаға қатысуына кететін шығын көлемін жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Сондай-ақ, ол сома өзгеруі мүмкін екенін де айтты.

«Бейжің Олимпиадасына шамамен 250 миллион теңге бөлінеді деп жоспарланған. Оның мөлшері азайып бара  жатыр, себебі ұйымдастырушылар делегация санын қысқартты. Енді нақты сома 228 млн теңгеболмақ», - деді ол.

Сонымен қатар, Крюков президент Тоқаевтың Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит жүргізу туралы тапсырмасына түсініктеме берді. Мемлекет басшысы нәтиже мемлекеттің спортқа бөлетін қаражатына сәйкес келмейтінін айтқан болатын.

«Тексеру қорытындысын есеп комиссиясы жариялайды. Өз басым мынаны айтайын, ҰОК жұмысында ешқандай ұрлық, қаражатты мақсатсыз пайдалану сияқты фактілер анықталған жоқ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін біз өзіміз реттеген түрлі процедуралық бұзушылықтар бар. Анықталған бюрократиялық нәрселер бар, түзету шараларына біз қол қоямыз», - деп жауап берді Крюков.