Қазақстанда онкологиялық дертке шалдыққандар көбейген

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Өткен жылы Қазақстанда онкологиялық дертке шалдыққан науқастардың жалпы саны 230,9 мың адам болды. Бұл бір жыл бұрынғыдан 12,8 мың адамға немесе 5,8%-ға көп, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Energyprom мәліметінше, 2024 жылы қала тұрғындары арасында қатерлі ісікке шалдығу деңгейі 100 мың адамға шаққанда 239,2-ні құрады. Бұл 2023 жылғы 230 көрсеткішінен жоғары. Республика бойынша орташа деңгейден айтарлықтай жоғары көрсеткіштер экологиялық қолайсыз бірнеше өңірде тіркелді:

Шығыс Қазақстан облысында – 349,4;

Қарағанды облысында – 353,5;

Абай облысында – 302,4;

Қостанай облысында – 352,7.

Көрсеткіш

Өткен жылы қатерлі ісік диагнозы алғаш рет 41,3 мың қазақстандыққа қойылды. Ең көп жаңа жағдай Алматыда (5,2 мың адам), Қарағанды облысында (3,8 мың адам) және Астанада (3 мың адам) анықталды.

Қандай диагноздар жиі кездеседі

Ең жиі кездесетін бастапқы онкологиялық диагноз – сүт безінің қатерлі ісігі. Оның үлесі барлық алғашқы жағдайлардың 13,9%-ын құрады. Мұндай науқастардың 98%-ы ауруды I–III сатысында анықтаса, 4,2%-ы – кеш, IV сатысында анықталған.
Әр оныншы (9,6%) жаңа онкопациенттің диагнозы – тері обыры (I–III сатысында). Ал алғашқы диагноздардың 9,2%-ы өкпе обырына тиесілі. Өкінішке қарай, оның әр төртінші жағдайы кеш сатыда анықталды.

Салыстырмалы деректер

Алғашқы онкологиялық сырқаттанушылық деңгейі бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында бесінші орынға шықты. Сонымен бірге, елдегі көрсеткіш ТМД орташа деңгейінен екі есе көп (103,3).

Ең жоғары көрсеткіш Беларусь елінде – 646,9 на 100 мың адам;

Екінші орында Ресей – 466,2;

Үшінші орында Молдова – 328,7.