Самара-Шымкент автожолында көлік апатынан 5 адам қаза болды

Ulysmedia

Самара-Шымкент автожолында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, оқиға орнында бес адам қаза болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Polisia.kz

Polisia.kz-ның мәліметінше, 30 қаңтарда сағат 19:20 шамасында Mercedes-Actros жүк көлігінің жүргізушісі, Өзбекстан Республикасының азаматы Хромтау қаласы жағынан Ақтөбе қаласына қарай Самара-Шымкент автожолының 779 шақырымында Өлке кентінің жанында жолдың тайғақ учаскесіндегі метеорологиялық жағдайды ескермей, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, 34 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Toyota Camry-55 көлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Camry-55 автокөлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында мерт болды.

Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша СДТБТ-де тіркелді.