Пәтерақының 50% төлеп беретін бағдарлама мамырда іске қосылады

Ulysmedia

Мемлекет тұрғын үйге мұқтаж қазақстандықтар үшін жалдау ақысының жартысын жабатын болады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевқа сілтеме жасап, Ulysmedia.kz. хабарлайды.

Фото: ашық дереккөзден

Бағдарлама операторы болып Отбасы Банкі анықталды. Шарттарға сәйкес,  пәтарақы 50% мемлекеттік субсидиялар есебінен өтелетін болады, қалған 50% алушы өз бетінше төлейді.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптар:

- ҚР азаматтығы;

- отбасының соңғы жарты жылдағы жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесіне бөлгенде ең төменгі күнкөріс деңгейінің аспауы тиіс (36 018 теңгеден аспайды);

- тұрғын үйге мұқтаж ретінде әкімдікке кезекте тұру;

- тұрғын үйдің меншік иесі мен өтініш беруші арасындағы шарт;

- өтініш беруші банкке ЭЦҚ арқылы жүгінуі тиіс;

- төлем тағайындауға өтініш;

- тұрғын үйді жалға алу шарты;

Келесі құжаттар ақпараттық жүйелерден алынады:

- жеке куәлігі,

- некеге тұру немесе бұзу, қайтыс болу, туу туралы куәлік,

- меншік құқығында тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы анықтама,

- тіркеу мекенжайы туралы мәліметтер,

- өтініш берушінің басқа адамдарды отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімі,

- өтініш берушінің халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттар,

- табысы туралы мәліметтер

Расталған жағдайда жалдау төлемдері 10 жұмыс күні ішінде есептеледі.

Қазақстанда тұрғын үйге кезекте тұрған 590 мыңға жуық адам бар. Оның 210 мыңы халықтың әлеуметтік осал топтарына жатады. 70 мыңға жуық адамның табысы бір ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен.

Механизм мамыр айында іске қосылады. 70 мың азаматты қолдау үшін 50 млрд теңге қажет болады – 40 млрд теңге республикалық бюджеттен, тағы 10 млрд теңге жергілікті бюджеттен бөлінеді.